-18.2 C
Kokshetau
-18.2 C
Kokshetau
Сәрсенбі
Ақпан, 1

Ақмола облысында белсенді жастардың алғашқы онлайн-слеті өтті

Айдарлар:

Өскелең ұрпақ арасында патриотизмді, жоғары адамгершілік пен парасаттылықты тәрбиелеу және дамыту шеңберінде Ақмола облысының оқу орындарының «Саналы ұрпақ» мен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп және студенттік клубтарының алғашқы онлайн-слеті өтті, оған 200-ге жуық белсенді жастар өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев жастарға сөз сөйледі.

«Бүгінгі таңда қазіргі қазақстандық ұрпақтың өзін – өзі дамытуға және өз әлеуетін ашуға, ал кейіннен жинақталған білім мен тәжірибені ел мен қоғамның игілігі үшін пайдалануға үлкен мүмкіндіктері бар. Сондықтан сіздерге білімді, бастамашыл, креативті, мобильді болып, адалдық пен парасаттылық сияқты адами құндылықтарды ұмытпауды тілеймін», – деп атап өтті облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы.

Онлайн-слет бағдарламасы мемлекеттік және орыс тілдерінде үш күндік оқыту курстарынан тұрады, онда қатысушылар кейс-әдістерді пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың және оның алдын алу бойынша құралдарды қолданудың өзекті мәселелерін талқылайды.

«Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірдің барлық аудандары мен қалаларынан орта және жоғары сынып оқушылары мен оқу орындарының студенттері қатарынан белсенділер онлайн-режимде кездесуге мәжбүр болғанына қарамастан, бұл жанға жайлы ахуалды құруға кедергі болмады. Слетке қатысқан облысымыздың жастар активі көптеген жаңа және пайдалы дүниелерді игеретініне сенімдімін», – дейді «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Самира Тайтенова.

Іс-шараның бірінші күнінің соңында 551 «Адал ұрпақ» мектеп клубтары мен 37 «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары арасында әлеуметтік желілерде «Парасаттылық – жастар көзімен» тақырыбында бейне-контент құруды, эссе жазуды, сондай-ақ әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жобаны таныстыруды көздейтін түрлі деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар сертификаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болады.

Динара НҰРТАЗ,

Ақмола облысы бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл департаментінің баспасөз хатшысы.

Соңғы мақалалар

- Advertisement - spot_imgspot_img

Тақырып бойынша мақалалар

Өзге де мақалалар