Четверг, 10 октября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Ақмола облысында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті облыс әкімі орынбасарының, аудандар әкімдері орынбасарларының, облыстық білім, цифрландыру басқармаларының, аудандық білім бөлімдері және бас бухгалтерлердің қатысуымен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова білім беру саласындағы қылмыстық істер бойынша өткен сот үкімдерін және осы саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы айтты.

Спикер қаржылық қажеттілікті жасанды түрде асыра бағалауға, бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезіндегі автоматтандырудың болмауына және ақпараттық жүйелердің жетілмегендігіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап өтті.

Кеңес аясында жеке меншік бухгалтерлік жүйелерде жаңа цифрлық шешімдерді сынақтан өткізу бойынша өңірде өткізілген жобаның нәтижелері және білім беру саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру үдерістеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған Жол картасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен бірлесіп жүргізіліп жатқан қазынашылық есептерін бухгалтерлік есеп жүйелерімен салыстыру нәтижелерін айтты.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне жалпы бюджеттің шамамен 37 пайызын құрайтын білім саласына бөлінген бюджет қаражатының игерілуіне бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Бәкенұлы Жапаев Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін,...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 154 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)...

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылды

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылып,  ағаштарының есебі жүргізіліп жатыр. Табиғи парктің экологиялық миссиясы аясында осы маусымның негізгі...

Азаматқа бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді

«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту...

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...