Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында бір айда 6 бала терезеден құлаған

Ақмола облысында бір айда 6 бала терезеден құлаған

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күннің ысуымен облыс аумағында балалардың терезден құлап кету оқиғасы жиілілеген.

«Маусым айында Көкшетау, Атбасар, Степногор қалаларында, сондай-ақ, Бурабай және Шортанды аудандарында балалардың терезеден құлауының 6 жағдайы тіркелді, оның екеуі  Көкшетау қаласында болды. Абырой болғанда, балалардың барлығы аман, тек дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды»,  —  деді ведомстводан.

Белгілі болғандай, маусымның 30-да Степногор қаласында 5 жасар ұл, Атбасар қаласында 4 жасар ұл бала терезеден құлап, дене жарақатын алған.

Ал, Шортанды ауданында балабақшаның 2 қабатынан тәрбиеленушінің құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға балалардың терезеден құлау қаупі туралы ескертеді және жазатайым оқиғаны болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...