Понедельник, 23 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерАқкөлАқмола облысында «Дала күні» дүркіретіп аталып өтілді

Ақмола облысында «Дала күні» дүркіретіп аталып өтілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Ақкөл ауданында Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің 150-ден астам компанияны жинаған «Jańa Dala / Green Day» 2023 «»Дала күні» мамандандырылған көрмесі өтті. Көрмеде ауыл шаруашылығы технологиялары, селекциялық жетістіктер және мал шаруашылығы саласындағы соңғы әзірлемелер ұсынылып, заманауи жоғары өнімді техниканың үлгілері көрсетілді.

Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов, Австрияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Вилли Кемпель, Францияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс қатысты.

Құттықтау сөзінде облыс басшысы ауыл шаруашылығы саласының өңір экономикасын дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

«Аталған іс-шараға қатысушылар шеңбері жылдан жылға кеңейіп келе жатқанын атап өту қажет, бұл оған ерекше мән мен ауқымдылық береді. Олардың көпшілігімен біздің өңір тығыз қарым-қатынаста. Облыстың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жетістіктерін атап өту қажет. Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында облыс айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Еліміздің ірі астық егетін облыстарының бірі бола отырып, және республика аумағының бес пайызынан сәл астамын алады, бізде 15% ауыл шаруашылығы өнімі, Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бірінен астамы әлемдік нарықта жоғары бағаланады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі республика бойынша ең үздік көрсеткіштердің бірі болып табылады. 2026 жылға дейін 306 млрд теңгеге 100-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті облыс әкімі.

Бұдан кейін Ермек Маржықпаев Австрияның, Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канеспен, Вилли Кемпельмен кездесті, онда өзара ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды.

Айта кетейік, іс-шара тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы техникасының экспозициясынан басқа, Бірыңғай мал шаруашылығы павильонының жиынтығымен қатар Қазақстанның ІҚМ ет тұқымдарының және аралас тұқымдар барлық республикалық палаталары, сондай-ақ отандық сүт палатасы ұсынылды.

Екі күн ішінде фермерлер үшін семинарлар, дөңгелек үстел және шебер-кластар ұйымдастырылды, онда ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды. Жеке блокта «Инновацияларды енгізу және сүт-тауарлы фермаларының құзыреттілігін арттыру» атты халықаралық конференция өтті.

 

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...