ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Жақсылық Ибрағимов байланыс операторларымен кездесу өткізді.
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Smart Aqmola» КММ-де өткен кездесуде «Қазақтелеком», «Транстелеком», «КАР-ТЕЛ», «Мобайл Телеком-Сервис», «ҚазТелеЖүйе», «Үй тележүйелері» компаниялардың өкілдері өңірдегі елді -мекендерінің Интернет желісіне сапалы кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Жол картасын қалыптастыру және орындау бөлігінде, Ақмола облысы әкімдігімен ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.
Құжатқа, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мен Ақмола облысының әкімі қол қояды деп күтілуде.
Интернетке қол жеткізу елдің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселесі болып табылады. Жоғарыда аталған жол картасының барлық тармақтарын іске асыруы Цифрлық теңсіздікті жоюға, Интернетке барынша қолжетімділікті және өңір азаматтарының сапалы байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.