Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Кадр резервіне іріктелгендер тізімі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында және https://onir.pkrezerv.gov.kz/result порталында  жарияланды.

Естеріңізге сала кетсек, кандидаттарды іріктеу ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп жүргізілді. Ақмола облысында іріктеу 6 салалық бағыт бойынша жүзеге асырылды: индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру. Аталған бағыттар өңірдің кадр қажеттілігіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде айқындалды.

Осыған дейін іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау кезеңінде 389 адам онлайн-порталда тіркеліп, оның ішінде 283 қатысушы толық құжаттарымен қоса өтініштерін жолдады. Құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен 263 үміткер іріктеудің келесі кезеңі – ҚР заңнамасын білуіне арналған тестілеуге жіберілді. Заңнаманы білуіне арналған тестілеу қорытындысы бойынша келесі кезең – жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуге 115 адам жіберілді. Кандидаттарды тестілеу Академия базасындағы тестілеу залында ұйымдастырылды.

Бұдан әрі жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша 53 үміткер Академияның Ассесмент орталығындағы құзыреттерді бағалау кезеңінен өтуге жіберілді. Құзыреттерді бағалау қорытындысы бойынша қорытынды кезең – «Өңірлік кадр комиссиясындағы құрылымдық сұхбатқа» 38 адам жіберілді.  Олар таңдаған салалық бағыттарына сәйкес өз жобаларын қорғап, жаңа идеялар не болмаса өңірдегі өзекті проблемалық мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

«Жалпы, бұл жоба өңірімізді дамытуға қатысып жүрген талантты және белсенді жастар арасынан бастамашыл және прогрессивті көшбасшылар, жас басқарушылар пулын қалыптастыруға бағытталған» — деді спикер. Айта кетелік, резервшілер жергілікті атқарушы органдарда сайланатын лауазымдарды қоспағанда, 2 жыл ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...