Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
19.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаІздеуАқмола облысында із-түзсіз жоғалған 42 жастағы азаматша іздестірілуде

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 42 жастағы азаматша іздестірілуде

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Көкшетау қаласының полиция басқармасына Красный Яр кентінің тұрғынынан 2022 жылғы 25 мамырда таңғы сағат 08:30 шамасында үйден шығып, полицияға жүгінгенге дейін орналасқан орны белгісіз 1980 жылы туған әпкесін іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті.

Азаматша әпкесінің Көкшетау қаласына жұмысқа орналасу мақсатында кетіп, жоғалғанын, және әпкесінің ұялы телефоны жоқ екенін түсіндірді. Өтініш беруші әпкесінің үстінде қара түсті жемпір мен шалбар, аяғында кроссовка болғанын хабарлады.

Хабар-ошарсыз жоғалған адамның орналасқан орынын анықтау үшін полиция департаменті мен Көкшетау қаласы басқармасының жеке құрамы бағдарланды, әйелдің болуы мүмкін территориялар мен бағыттар, атап айтқанда, Уәлиханов, Болашақ, Красноярская, Целинная, Школьная және т.б. көшелердің мекен-жайлары тексерілді. Жоғалған әйелдің таныстарының шеңбері, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді.

Іздеу шараларына еріктілер қосылды. Бүгінгі күні жан-жақты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.

Хабар-ошарсыз жоғалған адамның орналасқан орыны туралы қандай да бір ақпаратқа ие болғандардың барлығынан Көкшетау қаласының полиция басқармасына 29-96-00 телефоны немесе 102 арнайы телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...