Ақмола облысының прокуратурасы әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы жеңілдетілген санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғады.
Ақмола облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі — МӘМС) саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.
Жұмыс берушілер көп балалы аналардан (6-дан астам бала тәрбиелеп отырған), мүгедектігі бар адамдардан және күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардан төлеуден босатылған МӘМС жарналарын негізсіз ұстағаны анықталды.
Мысалы, көп балалы ананың жұмыс берушісі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі — Қор) 31 243 теңге аударған.
Басқа жағдайда, мүгедектігі бар адамнан Қордың пайдасына 82 306 теңге мөлшерінде жарналар ұсталған.
Мұндай фактілер аз емес.
Қадағалау актісі бойынша жалпы сомасы 60 млн теңгеден астам жеңілдік санаттағы 436 адамға ақша қаражатын қайтару жүзеге асырылды.
Ақмола облысының прокуратурасы.