spot_img
spot_img
17.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында киіктер жаппай аштан қырылып жатыр

Ақмола облысында киіктер жаппай аштан қырылып жатыр

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыс бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мәліметінше,  Қорғалжын және Целиноград аудандары аумағында 34 киіктің өлексесі табылды.

Оның ішінде 14 киіктің өлексесін биылғы жылғы наурыздың 9-да «ПО Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының орталық өңірлік филиалы инспекторлары Қорғалжын ауданындағы Саумал көлінен 10 шақырым аумақтан анықтаса, наурыздың 26-да Целиноград ауданының Ақмол ауылынан 8-9 шақырым жерден 20 киіктің өлексесі табылды.

Орман шаруашылығы инспекторлары киіктер қалың қар мен күрделі ауа райының салдарынан шөп теуіп жей алмағандықтан аштан қырылғанын айтуда.

Осыған байланысты өңірде киіктерден одан әрі жаппай қырылуын болдырмау үшін Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясына Қорғалжын, Егіндікөл, Жақсы және Атбасар аудандарының әкімдеріне киіктер жүретін аумақтардағы қарды күреуді ұйымдастыру туралы нұсқау берді.

Осындан бірер күн бұрын жабайы киіктер Ақмола облысында ауылға кіргені де хабарланған еді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img