Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
9.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысында мүгедек адамдарды қолдау бойынша қандай шаралар іске асырылуда

Ақмола облысында мүгедек адамдарды қолдау бойынша қандай шаралар іске асырылуда

Ақмола облысында мүгедек адамдарды қолдау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Өңір оңалтуға мұқтаж адамдарды қамтамасыз ету бойынша республикада көшбасында келеді. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында оңалтудың жеке бағдарламаларымен 9 мыңның 7-і қамтылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезекті отырысында сөз сөйлеген облыс әкімі Ермек Маржықпаев мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қолданылған шаралар туралы айтып берді.

«Жыл сайын оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатының өсуі байқалады. Соңғы бес жылда қаржыландыру 2 есеге артып, 1,5 млрд.теңгеге дейін жеткізілді», – деді өңір басшысы.

Кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда 343 әлеуметтік маңызы бар объект бейімделді. Барлығы 3 жыл ішінде 1300-ге жуық адамды бейімдеу жоспарлануда. Мүгедектерге арналған кресло-арбаларды жөндеу, «Шекарасыз компьютер», әлеуметтік-құқықтық және психологиялық көмек кабинетін құруға және тірек-қимыл аппараты зақымдалған адамдар үшін бос уақыт орталығын бойынша жобаларды ұйымдастыруға қаражат бөлінді.

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға үлкен көңіл бөлінеді. Көкшетауда сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға және халықтың қауқары аз топтарына арналған екі балабақша салынуда. Ерекше қажеттіліктері бар 600 бала «Қамқорлық» бастамасы аясында көмек алады», – деді Е.Маржықпаев.

Жыл басынан бері 300-ге жуық мүгедек адам жұмысқа орналастырылды. «Тең Қоғам» орталығы жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді. Дене мүмкіндіктері шектеулі 1700-ден астам адам спортқа тартылды.

Айта кетейік, облыста барлығы 29 мыңнан астам мүгедек тұрады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...