Четверг, 19 декабря, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмола облысында Наурыз мейрамы қарсаңында 1000-нан астам мерекелік іс-шара өтеді

Ақмола облысында Наурыз мейрамы қарсаңында 1000-нан астам мерекелік іс-шара өтеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биыл Ақмола облысында Наурыз мерекесі ерекше нақышта аталып өтіледі.
Мерекелік онкүндікте 14-24 наурыз аралығында ауқымды жобалар жоспарланған, олардың ішінде: «Әжемнен қалған асылым» атты сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен кездесу, шеберлік сыныптарын өткізу, ұлттық ойындар ұйымдастыру, «Босағаның құдіреті келін», «Мисс Наурыз-2023» сұлулық байқаулары, «Көктем шуағы» көшпелі концерттік бағдарламалары, «Наурыз нақыштары» қылқалам шеберлерінің байқауы, «Ғылым – теңіз, білім – қайық» зияткерлік сайысы, «Дәстүрім асыл қазынам» қалалық байқауы, «Ұлттық киім – ұлт мәдениеті» ұлттық киімдері челленджі және басқалары.

Наурыз мейрамының мерекелік онкүндігін 14 наурыз күні «РИО» СОО-да облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік концерттік бағдарламасы ашады. Көкшелік тұрғындар назарына сауда ойын-сауық орталығының қонақтарына қазақтың ұлттық тағамы-бауырсақ таратылады.

Сол күні №1, №3 қалалық автобус бағыттары бойынша «Наурыз-Думан» мерекелік шеруі өтті. Қала тұрғындарын келе жатқан Ұлыстың ұлы күнi — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарын сақтау және дамыту мақсатында автокөлiк жолаушыларына бiрқатар тақырыптық сұрақтар қойылып, қызықты мағлұматтар ұсынылды. Көлік жолаушылары шабыттана қазақ ұлттық әндерін жүргізушілермен бірге қоса орындады.

«Қайырымды Ұлт» жалпыұлттық қайырымдылық акциясы аясында «Аялау» орталығы тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлар тарту етілді. Әдебиет және өнер музейінде ұлттық ән өнерінің және ұлттық мәдениеттің дамуына орасан үлес қосқан ақын, әнші-композитор, журналист Кәрім Ильсовтің 95 жылдығына орай «Арқаның арқалы әншісі» атты әдеби-сазды кеш өтеді. Ұлттық өнерді сақтай отыра, ақын мәңгілікке туған өлкесі тарихында өшпес із қалдырды.

Қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, қолданбалы шығармашылығын насихаттау мақсатындда Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығымен «Ата – әулеттің тірегі, әже –ұрпақтың жүрегі» атты облыстық фестиваль-байқауы ұйымдастырылады. Іс-шараға облыстың 15 аудандарынан ата-апалар қатысады. Фестиваль ережесіне сәйкес, қатысушылар шығармашылық дағдылары мен өнерлерін ортаға салады.

Іс-шаралар қатары аясында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы сүйікті көрермендерін Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанованың жеке концертіне шақырады.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Сандықтағы музей» жобасының тұсаукесерін ұсынады. Жоба аясында музей қызметкерлері жыл төңірегінде қаламыздың мекемелері мен кәсіпорындарына шығып, сандықтағы жәдігерлердің тарихы жайлы ақпарат береді.

Халық қолөнерін дәріптеу, оны көпшілік арасында өзекті ету және қолөнер шеберлеріне тәжірибе алмасу және дағдыларымен бөлісу үшін алаң ұйымдастыру мақсатында Көкшетау қаласының тарихы музейі «РИО» сауда ойын-сауық орталығында қала тұрғындары назарына «Наурыз кестелері» атты ұлттық шеберлер көрмесі өтеді. Көрме аясында жергілікті қолөнершілердің қолымен жасаған құрақ-көрпе, ағаш, тері бұйымдары көпшілік назарына ұсынылады.

Кішкентай көрермендер назарына облыстық театрларлардың бірнеше сахналық алаңдарда Наурыз мейрамына орай «Наурыз көже» ертегісі, «Наурыз приходит в каждый дом!» атты балаларға арналған ойын-сауық шоу-бағдарламасы өтеді.
19 наурыз күні «Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз» мерекелік концерттік бағдарламалар, кітап жәрмеңкелері, викториналар, балалар байқаулары ұйымдастырылады.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Көкшетау» мәдениет сарайында «Наурыз – ұлттық мереке, ұрпаққа өнеге» атты қазақ халқының салт-дәстүрлері фестивалі өтеді.

Облыстық орталық тұрғындары Шахмет Құсайынов атындағы қазақ-музыкалық драма театрының көптен күткен «Жаңа күн» тамаша-концерттік бағдарламасының кезекті қойылымын асыға күтеді. Көрермендер назарына қызықты әзіл-ысқақ және музыкалық нөмірлер ұсынылады.

21 наурыз күні «Абылай хан» алаңында Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарын облыстың үздік көркемөнерпаздар ұжымдары, би ансамблдері, театр әртістерінің қатысуымен өтетін «Ұлы даланың ұлық мерекесі» атты ауқымды театрланған қойылым шақырады.

Тұңғыш рет Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Көшпелі өркениет фестивалі» мен «Қолөнершілер фестивалі» өтеді. Іс-шаралар аясында көшпелі мәдениеті көрмелері мен 100-ден аса қолөнер шеберлерінің қатысуымен қолөнершілер жәрмеңкелері өтеді.

Ұлттық мәдениетін, ата-бабаларымыздың ұлттық мұрасын және ұлттық кодын сақтау мақсатында «Абылай хан» алаңында мерекелік безендірілген киіз үйлерде «Көне дәуір өркениті», «Былғары мен тері», «Құрақ көрпе», «Күміс әшекейлер», «Ұлттық киімдер», «Ұлттық бұйымдар», «Ұлттық өнер», кітап, «Салт-дәстүрлер» мен «Ұлттық құндылықтар» көрмелері ұсынылады.

«Тәуелсіздік» алаңы қала тұрғындарын қазақ күресі, тоғыз құмалақ, арқан тарту, қаптармен жүгіру және басқа да көптеген ұлттық ойындар мен спорттық іс-шараларға шақырады.

Мерекелік іс-шара қонақтарына наурыз көже, құрт және бауырсақ тегін таратылады.Қаланың «Жайлау», «Сарыарқа», «Бірлік», «Автогородок» сынды шалғай шағын аудандары тұрғындары үшін «Наурыз мейрамы – Ұлы даланың ұлағаты» атты көшпелі концерттік бағдарламалары ұйымдастырылады.

22 наурыз күні Әдебиет және өнер музейі «Наурыз. Қазақстан. Жаңару!» атты «Қазақстан» телеарнасының жалпыұлттық онлайн-марафонына қатысады.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтау және қашықтықтан жұмыс істеу тәртібін қолдану жөніндегі қызметінің қорытындысы жасалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Ақмола облысының жергілікті (бұдан әрі - ЖАО) және орталық (бұдан әрі - ОАО) атқарушы органдарының...