Сенбі, Сәуір 20, 2024
26.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысында Қоғамдық кеңес ЖТҚ-ға жер телімдерін беруді өз бақылауына алды

Ақмола облысында Қоғамдық кеңес ЖТҚ-ға жер телімдерін беруді өз бақылауына алды

Ақмола облысының Қоғамдық кеңесінің заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысында жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер қаралды.

Кеңеске өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы, Қоғамдық кеңестің төрағасы, Кеңес жанындағы комиссиялардың төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Сөз барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин атап өткендей, бүгінгі таңда жер мәселелері өңір халқы үшін өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Сонымен қатар, бұл сала сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі болып табылады. Мысалы, ағымдағы жылдың тамыз айында Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі А.Вазиров сотталды, ол қосымша жер учаскелеріне жалға беру құқығын беруге жәрдем көрсету сылтауымен екі кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен ақша қаражатын алдау және сенімге қиянат жасау жолымен жымқырған.

«Қылмыстық статистиканы және азаматтардан келіп түскен шағымдардың көптігін ескере отырып, бұл сала облыстың Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген. Бүгінгі таңда уәкілетті органдармен бірлесіп, жерді мемлекеттік қорға қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл мәселелер біздің бақылауымызда», – деді Айдос Жақиялин.

Отырыс барысында қатысушылар облыстың елді мекендерінде жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін берудің проблемалық мәселелерін талқылады.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшылығының ақпараты бойынша, бүгінде азаматтар eGov.kz порталы арқылы жер учаскесін алу үшін өз бетінше өтінім бере алыпосы порталда өз кезегінің қозғалысын қадағалай алады, сондай-ақ бұрын берілген өтініштер бойынша деректерді өзектендіре алады. Егер 2021 жылы кезекте 120 мыңнан астам адам тұрса, ағымдағы жылы берілген өтініштердің саны 240 мыңнан асты.

Бұл ретте, жер учаскелерін беру мәселесіндегі негізгі проблемалар қаржыландырудағы қиындықтарға байланысты тиісті инфрақұрылымы бар дайындалған алаңдардың болмауы, елді мекендердің бас жоспарларында ЖТҚ дамыту үшін мүмкіндіктердің болмауы, сондай-ақ тұрғын үйге іс жүзінде мұқтаж емес, тиісінше тұрғын үй салуға мақсаты жоқ адамдардың өтініш беруі болып табылады.

Проблемалық мәселелерді реттеу үшін Басқарма облыс өңірлерінің әкімдіктерімен және тұрғындармен көшпелі кездесулер өткізді, сондай-ақ жер заңнамасына түзетулер енгізу бойынша орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдады.

Осы мәселенің өзектілігін атап өткен облыстың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ермек Нұғманов Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бойынша Антикор, мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың тығыз өзара іс-қимылының қажеттілігін атап айтты.

Отырыс соңында Комиссия мүдделі мемлекеттік органдармен және БАҚ-пен бірлесіп жер қатынастары саласының мәселелерін егжей-тегжейлі қарауды, бірлескен қоғамдық мониторинг жүргізуді, Тәуекелдер картасының проблемалық мәселелерін Ақмола облысының Қоғамдық Кеңесінің келесі жылға арналған жұмыс жоспарына енгізуді ұсынды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...