Пятница, 31 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында объектілердегі бомба туралы жалған қоңырау шалған 8 адам сотталды

Ақмола облысында объектілердегі бомба туралы жалған қоңырау шалған 8 адам сотталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Полицейлер терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады. Осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

Баланың жасына қарамастан, келіп түскен қатерлерді тексеру жөніндегі арнайы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты материалдық залал үшін жауапкершілік ата-анасына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.

Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің ақпараты бойынша, соңғы уақытта мұндай хабарламалардың өсуі байқалды: егер 2020-2022 жылдар аралығында аталған 10 қылмыс тіркелген болса, 2023 жылы полицияға осындай 9 хабарлама келіп түсті, оның 6-сы бойынша адамдар анықталды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Айта кету керек, 2020-2022 жылдар аралығында осындай 8 «әзілқой» түрлі жаза бойынша сотталған, бұл ретте олар келтірілген материалдық залалды толық өтеуге міндетті.

Жасөспірімдер жиі жарылғыш құрылғылар туралы жалған хабарламалардың авторлары болып табылады, ал оның себебі-балалардың әдеттегі еркелігі. Хабарлама қандай нысанда түскеніне қарамастан, көрсетілген мекенжайға құқық қорғау және арнайы органдардың, шұғыл қызметтердің қызметкерлері баратыны, азаматтарды эвакуациялау, аумақты қоршау, жолдарды жабу және алгоритмге сәйкес басқа да әрекеттер жүргізілетінін түсіну қажет. Мұндай іс-шаралар айтарлықтай күш пен қаражат тартуды талап етеді.

Жақында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің күнделікті өміріне «сваттинг» немесе «сватинг» деген жаңа сөз кірді. Бұл термин полицияны адастыруды, ауыр құқық бұзушылықтар туралы жалған хабарлауды, негізінен жарылғыш құрылғыларды білдіреді.

Әдетте, мұндай анонимді хат мемлекеттік органның немесе басқа объектінің электрондық поштасына түседі. Бірақ мұндай хабарламалардың әрқайсысы құқық қорғау және арнайы құрылымдардың жедел әрекеттері үшін маңызды себеп болып табылады.

Полицейлер құқық қорғау органдарының арсеналында қысқа мерзімде осындай сипаттағы қылмыстарды ашуға мүмкіндік беретін барлық техникалық құралдар бар екенін атап өтті.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...