-16.8 C
Kokshetau
-16.8 C
Kokshetau
Бейсенбі
Ақпан, 2

Ақмола облысында Отбасы күні аталып өтілді

Айдарлар:

Көкшетаудағы Достық үйінде өткен кездесуге өңірдегі еңбек әулеттері, көп балалы және жарты ғасырдан астам некеде тұрған отбасылар шақырылды.

Кездесуде сөз алған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова адам өмірі отбасынан басталатынын, халқымыз әкені асқар тауға балағанын, жұмақ ананың табанының астында деп аналарға құрмет көрсеткенін, бала – бауыр еті деп ұрпағына айрықша қамқорлық танытқанын айта келе, ата-анаға құрметпен қарап, алаңсыз қарттықты сыйлау әрбір адамның қасиетті борышы екенін жеткізді.

Шараға дәрігерлер әулетінен Филатовтар, теміржолшылар әулетінен Нұртазиндер, полиция әулетінен Жақсылықовтар, жарты ғасырдай жұптары жазылмай, қол ұстасып келе жатқан Мұқановтар әулеті және арыстай 3 ұл мен алтын асықтай қыздарын тәрбиелеп отырған Төлебай отбасылары қатыстып, құрмет пен қошеметке бөленді.

Соңғы мақалалар

- Advertisement - spot_imgspot_img

Тақырып бойынша мақалалар

Өзге де мақалалар