spot_img
- Жарнама -spot_img
13.2 C
Kokshetau
Басты бетОқиғаАқмола облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

Ақмола облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

-Жарнама -spot_img

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 17 қазан күні сағат 02.00 шамасында Ақкөл қаласында орын алған. Алдын ала анықталған мәліметтер бойынша «Toyota Carina» автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай «Seat Alhambra» көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан «Toyota Carina» автокөліктің жүргізушісі, яғни Ақкөл аудандық полиция бөлімінің тергеушісі көз жұмып, екі жолаушысы зардап шекті. Ал «Seat Alhambra» автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Тек екі жолаушысы жарақат алды.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетсек, жол-көлік оқиғасы қызметтен тыс уақытта, полиция қызметкерінің жеке автокөлігімен орын алған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985желдеткіштерсияқты
2,458ізбасарларыорындаңыз
61,453абоненттержазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img