Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
-0.3 C
Kokshetau
-0 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамТарихАқмола облысында сақ жауынгері жерленген қорған табылды

Ақмола облысында сақ жауынгері жерленген қорған табылды

Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ түрлі жер пайдаланушыларға бөлінген жер учаскелеріндегі тарихи ескерткіштердің бар-жоғын анықтау үшін алдын ала жұмыстар  жүргізеді.

Сол сияқты Бурабай ауданының Құмдыкөл (Златополье) ауылының аумағындағы «РегионДорСтрой» ЖШС-не бөлінген жер участкелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ерте темір дәуірі мен ортағасырлық кезеңдерге қатысты «Құмдыкөл» (Златополье ауылы) және «Жанажол» археологиялық ескерткіштері анықталды.

Сонымен қатар, барлау жұмыстары барысында, жергілікті  жидек теріп жүрген ауыл тұрғындарымен сұхбаттасу барысында Жанажол ауылы маңындағы орманның ішінде орналасқан қорғанның орнын көрсетті. Табылған орнын зерттеу барысында суырдың інінен көтерме материалдар ретінде жебенің ұштары алынды.

Осындай көне археологиялық қорғандар анықталған кезде  «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-нің жарғысына сәйкес археологиялық қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізу  қажет етеді.

Жер астындағы жасырынған өзге де құнды жәдігерлердің табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен жойылу қауіпі төніп тұрғандықтан, Бурабай ауданындағы «Жанажол» қорғанына археологиялық зерттеу  жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу барысында қорғанның жерлеу шұңқырынан ерте темір дәуіріне қатысты – сақ жауынгері анықталды. Адаммен бірге жерленген бірнеше жәдігерлер табылды, олардың ішінде: жылқы малының ауыздығы мен жүгеннің әшекей бұйымдары (құстың басы мен Күн құдайының белгісі бар дөңгелек жапсырмалар), қанжар-пышақ, тас қайрақ, 10 дана сақ-скифтік үлгідегі жебенің ұштары және қысқа қылыш-акинак табылды.

Табылған жәдігерлер зерттеліп болған соң,  Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозицияларынан орын тауып, музей қорларын толықтырады.

Ақмола облысының мәдениет басқармасы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...