Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне бюрократиялық кедергілерге тап болған білім беру саласындағы ЖШС директоры жүгінді.
Белгілі болғандай, өткен жылы кәсіпкер мақсатты несие алып, иесіз ғимаратты жалға алды. Осы ғимаратты мектепке дейінгі мекемеге айналдырды.
Алайда, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ғимараттың санитарлық ережелерге сәйкестігі туралы құжатты беруден үш рет бас тартқандықтан, бірнеше ай бойы балабақша ашу мүмкін болмады.
Департамент мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу өткізді. Онда бірнеше рет бас тартудың себептері егжей-тегжейлі талқыланды.
Нәтижесінде санэпидбақылау органдары кәсіпкерге оң қорытынды берді.