Ақмола облысындағы «Астана-Көкшетау», «Астана-Ерейментау», «Астана-Аршалы» үш автомагистралі Ұлттық жоба шеңберінде интернетпен қамтамасыз етіледі.
Бұл туризмнің дамуына да оң әсер ететіні анық.
» Облыстың барлық жол бағыттары бойынша байланыс құралдарының қолжетімділігі есебінен өңіріміздің туристік әлеуеті артатын болады», — деп атап өтті облыс әкімі.
Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен өткен цифрландыру жөніндегі кеңесте хабарлады.