Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдың 29-шы желтоқсанында Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыстық аурухананың қабылдау бөліміне «екі қолдың, беттің күйігі, беттің көгерген жарасы» диагнозымен 55 жастағы жергілікті тұрғыны жеткізілгені туралы хабарланды.
«Анықталғандай, ер адам облыс орталығындағы кәсіпорындардың бірінде слесарь болып жұмыс істейді. Ол жарақатты жұмыс орнында алған. Осы дерек бойынша полиция басқармасы ҚР ҚК 156-бабының 1-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізуде», — деді ведомстводан.