Воскресенье, 22 декабря, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыАқмола облысында сыбайлас жемқорлық қылмыс саны азайып келеді

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлық қылмыс саны азайып келеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті, оған өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.

Сөз сөйлеу барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы Мұрат Төлеубаев мемлекеттік органдармен және қоғам өкілдерімен бірлесіп өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізілген қызмет туралы хабарлады.

Сонымен қатар, спикер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ауылдық елді мекендерде «Сервистік әкімдіктерді» және мемлекеттік мекемелерде Оpen Space форматындағы кабинеттер мен фронт-офистерді ашу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларды сапалы жүргізу және қоғам өкілдерін тарта отырып, олардың нәтижелерін қарау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

«Одан басқа, бөлінген бюджет қаражаты туралы мәліметтерді халықпен тиімді кері байланыс орната отырып, Ашық бюджеттердің интерактивті картасына уақтылы орналастыру, сондай — ақ осы жобаны танымал ету бойынша кең түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», — деді ол.

Сондай-ақ, өңірде сыбайлас жемқорлық қылмысының 10% — дан астамға төмендегені атап өтілді, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша алдын алу шараларының тиімділігін куәландырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллаларға, оның ішінде Мемлекет басшысы қол қойған қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейту мәселелері Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістерге ерекше назар аударылды.

Сонымен бірге, кеңесте Transparency Kazakhstan тәуелсіз ұйымы өткізген 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жағдайы туралы мониторинг нәтижелері айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы Қанат Ыдырысов жобалық кеңсе жұмысының нәтижелері мен перспективалары туралы, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың басшылары талқылау барысында қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ақпаратты тыңдаған өңір басшысы Ермек Маржықпаев ведомствоға қарасты мекемелердің басшылығына сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты жандандыруды, сондай-ақ белсенді қоғам өкілдері қатарынан аудандық деңгейде «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің басшыларын тағайындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша шаралар қабылдау шеңберінде, ең алдымен, кешенді және үйлестірілген тәсілді ұстану қажет. Өткен жылы қол жеткізілген нәтижелер, жалпы алғанда, жақсы, алайда алда үлкен жұмыс тұр, тек бірлескен күш — жігерімізбен ғана біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра аламыз», — деп түйіндеді өңір басшысы.

Кеңес соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылға қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімі Ермек Маржықпаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды, сондай-ақ «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің кураторы Қанат Ыдырысовқа алғыс хат табыс етілді. Сонымен қатар, Степногорск қаласы мен Шортанды ауданы әкімдіктерінің жұмысы оң бағаланды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...