Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаСотАқмола облысында тағайындалған облыстық сотының судьясы және аудандық соттарының төрағалары таныстырылды

Ақмола облысында тағайындалған облыстық сотының судьясы және аудандық соттарының төрағалары таныстырылды

Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов облыстың сот корпусына тағайындалған облыстық сотының судьясы мен аудандық соттарының төрағаларын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Жарлығымен:

– Ақмола облыстық сотының судьясы қызметіне Олжас Сүлейменов Бұланды аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, тағайындалды;

– Атбасар аудандық сотының төрағасы қызметіне осы соттың судьясы Әсел Жапарова;

– Бурабай аудандық сотының төрағасы қызметіне осы соттың судьясы Әсел Әбимұратова;

– Бұланды аудандық сотының төрағасы қызметіне Дамиля Нәукенова Абай облысы Бородулиха аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

– Қорғалжын аудандық сотының төрағасы қызметіне Серік Төлеев Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, тағайындалды.

Арман Жүкенов тағайындалған облыстық соттың судьясы мен жергілікті соттардың төрағаларын жаңа қызметке кірісуімен құттықтап, азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және сотқа сенімін нығайтуды аса маңызды міндеттері ретінде белгілей отырып, жемісті жұмыс, сот төрелігін адал жүзеге асыруды тіледі.

Құттықтау сөзін сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья Мейрам Ғибәділов сөйледі.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...