Жиынға облыс басшысы Ермек Маржықпаев пен тіл жанашырлары қатысты.
Тілдер онкүндігінің жабылу рәсімінде өңірдің қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, тілдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар ақмолалық тіл жанашырларына облыс әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.
Сонымен қатар, бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі, ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы, Тіл саясаты комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.