Еліміздегі Степняк, Темір және Жем қалалары ауыл мәртебесіне ие болады. Сондай-ақ, Қарабұлақ, Бейнеу және Ұзынағаш сияқты тұрғындары көп ауылдар қала мәртебесін алады.
12 қыркүйекте «Ашық НҚА» порталында 2021 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлыққа түзетулер жобасы пайда болды. Құжаттың бір тармағында ресми түрде ауылдарға айналатын қалалар көрсетілген.
Жобаға сәйкес, 10 мыңнан аз халқы бар қалалар әкімшілік мәртебесін өзгерту процесінен өтуі керек. Қазір үш елді мекен бар: Степняк (Ақмола облысы) – 3,8 мың адам; Темір (Ақтөбе облысы) – 2,1 мың адам; Жем (Ақтөбе облысы) – 1,5 мың адам.
Сонымен қатар, кейбір қалаларға қарағанда халқы көп ауылдар «жоғарылайды» және қалалық мәртебеге ие болады. Елімізде осындай 17 елді мекен бар, олардың ішінде ең ірілері: Бейнеу ауылы (Маңғыстау облысы) – 54 мың адам; Қарабұлақ ауылы (Түркістан облысы) – 50 мың адам; Ұзынағаш ауылы (Алматы облысы) – 47 мың адам.
«Ашық НҚА» порталында жобаны талқылау 26 қыркүйекке дейін жалғасады.