Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыАқмола облысында қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Ақмола облысында қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаматтардың, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарға қатысты конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кездесуге өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, облыс прокуратурасының, аумақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және облыстық Полиция департаментінің басшылығы мен өкілдері қатысты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік ведомствоның басшысы Мұрат Төлеубаев атап өткендей, қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау құқық қорғау органдарының қызметінде бірінші кезекте маңызды болып табылады, бұл, әрине, халықтың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейіне әсер етеді. Әрбір қылмыстық істің артында адамдардың тағдыры тұр.

«Қылмыстық қудалау шеңберіне тартылған азаматтарды азаптауға және оларға қатыгездікпен қарауға жол бермеу мәселелері бүгінгі күні өзекті және маңызды болып қалуда», – деді Мұрат Төлеубаев.

Кеңес барысында облыс прокурорының орынбасары Бекжан Ермұханбетұлы құқық қорғау органдарының белсенді өзара іс-қимылының, сондай-ақ қызметкерлердің қылмыстарды ашуға және бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізуге кедергі келтірмеуінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ҚАЖД және полиция департаментінің өкілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде азаптауды қолдану бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы сөз сөйледі. Құқық қорғау органдары лауазымды адамдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізудің рұқсат етілмеген әдістеріне жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар істерді тергеудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаптауды қолдану фактілері бойынша келіп түскен шағымдар мен арыздардың санын азайту жөніндегі шараларды жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.

Атап айтқанда, құқық қорғау және қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа тексеру үшін мониторингтік топтар құру, пенитенциарлық мекемелер мен қызметтік үй-жайларда жаппай бейнебақылау енгізу мүмкіндігін қарастыру, ұсталғандарды уақытша ұстау изоляторына және сотталғандарды түзеу мекемелеріне қамаудың алдында оларда дене жарақаттарының болуына не болмауына медициналық куәландыру жүргізу ұсынылды.

Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы қабылдаған Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңға сәйкес бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы түзетулер енгізілді, атап айтқанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапкершілік күшейтілді. Сондықтан, кездесуде қаралған мәселелер мен әзірленген пәрменді шаралар құқық қорғау жүйесі органдары лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттер жасау алғышарттарын жоюға ықпал етеді.

Динара Нұртаз,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы агенттігі

Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...