Көкшетау қ. ПБ патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында кезекті өмір құтқарылды. Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сағат 14.30 шамасында Көкшетау қ. ПБ » 102 » желісіне қаланың қонақ үйлерінің бірінде 20 жастағы ауыл тұрғыны бөлмеде жабылып, өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу жақын мандағы, құрамында қызмет аға инспекторы капитан Арман Құттыбай және қызмет инспекторы полиция лейтенанты Абзал Мұрат бар «Әскер-3» автопатрулінің экипажы шықты. Полицейлер жігіт тұрған бөлменің есігінің құлпын бұзып, оның өзін-өзі өлтіруге тырысуына жол бермеді.
Жігіттің достарының айтуынша, ол мотоцикл сатып алуға жиналған қомақты қаражаттың жоғалуына байланысты үмітсіз қадамға бел буды. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жедел жәрдем шақырып, ол келгенге дейін мұндай жағдайларда қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта полицейлер жас жігіттің жоғалтқан қаражатын іздестіру бойынша жедел — тергеу іс-шараларын жүргізуде.