spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында жер учаскелерін бизнеске бөлу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау...

Ақмола облысында жер учаскелерін бизнеске бөлу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын зерттеу мақсатында жер учаскелерін бизнеске бөлу және олардың қолжетімділігі, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу (желілерге қосылу) мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамына кіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырылады.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдау үшін anticorruption1494@mail.ru электрондық поштасы, сондай-ақ 8 (7162) 29-66-24 байланыс телефоны жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Департаментке Antikor ortalyǵy алаңы (Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 71/1) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

Барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа және қатысуға шақырамыз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img