Вторник, 21 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының өкілдері семинарға қатысушыларына жол-құрылыс жұмыстарының негізгі бағыттарын түсіндіріп, саланың өзекті мәселелерін талқылады.

Ақмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК филиалының бөлім бастығы Игорь Стефанмен инженер Абылай Төлеуов Атбасар және Жақсы аудандарының ауыл әкімдерімен кездесті. Олар жол жөндеудің сапа сараптамасы, ведомстволық сараптама, диагностика және паспорттау, «KazRoadLab» бағдарламасының жұмысы сияқты тақырыптарға ақпарат берді. Игорь Стефан атап өткендей, семинар ауылдық округ әкімдері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандарына кәсіби дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жергілікті жолдар мен көше-жол желісінің сапасын жақсартуға тиісті.

«Біз ең маңызды тақырыптар бойынша қажетті ақпарат пен түсініктеме береміз. Жергілікті маңызы бар жолдарды және көше-жол желісін жөндеудің өзекті мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Әркімнің өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндігі бар. Оларға толық жауаптар беріледі», — деп атап өтті Игорь Стефан.

Мамандардың кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінуі тиіс, — дейді жол инженерлері. Бұл ауыл әкімдеріне және басқа да жауапты қызметкерлерге жол жөндеу жұмыстарының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әкімдік мамандары инженерлермен жол жөндеу және одан әрі ынтымақтастықтың барлық аспектілерін талқылады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...