spot_img
spot_img
12.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмола облысында «Жігіт сұлтаны» облыстық байқауы өтіп жатыр

Ақмола облысында «Жігіт сұлтаны» облыстық байқауы өтіп жатыр

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығы, Қазақ ханы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына, Ұлы қолбасшы Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» облыстық байқауы бастау алды.

Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, байқауға Аршалы, Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Зеренді, Шортанды, Есіл аудандары мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы калаларынан 20-29 жас аралығындағы жас дарынды жігіттер қатысуда.

Байқау жастардың бойында ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту, жастардың жеке тұлға ретінде жарасымды дамуына, шығармашылық және жоғары зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету, ұлтжандылық сезімін ұштап, Отанына деген махаббатын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың өн бойына ұлттық рухты сіңіру мақсатында өткізіліп отыр.

Бес кезеңнен тұратын байқауда қатысушылар ұлттық спорт түрлерінде (жамбы ату, аударыспақ, «Қазақша күрес», армлестлинг) күш дайындығын, сондай-ақ өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

Байқау жеңімпаздары ұйымдастыру алқасының тағайындаған сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img