Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
19.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмола облысында «Жігіт сұлтаны» облыстық байқауының жүлдегерлері анықталды

Ақмола облысында «Жігіт сұлтаны» облыстық байқауының жүлдегерлері анықталды

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығы, Қазақ ханы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына, Ұлы қолбасшы Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» облыстық байқауына Аршалы, Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Зеренді, Шортанды, Есіл аудандары мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан 20-29 жас аралығындағы жас дарынды жігіттер қатысып, бақ сынады.

Бес кезеңнен тұратын байқауда қатысушылар ұлттық спорт түрлерінде (жамбы ату, аударыспақ, «Қазақша күрес», армлестлинг) күш дайындығын, сондай-ақ өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Екі күндік байқау нәтижесі бойынша орындар келесідей анықталды:
Байқауға қатысып, ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін диплом және ақшалай сыйлық 75 мың теңге сертификатымен Семетай Ақылдас (Көкшетау қаласы), Саят Бүркіт (Атбасар ауданы), Азамат Ерболатов (Есіл ауданы), Дінмұхамед Амалбек (Зеренді ауданы) марапатталды.

“Жігерлі жігіт” номинациясы бойынша ақшалай сыйлық 150 мың сертификаттымен Кенжебек Мұхамеджанов (Жақсы ауданы),

“Қайсар жігіт” номинациясы бойынша ақшалай сыйлық 150 мың сертификаттымен Әбдібай Наурызбай (Егіндікөл ауданы),

“Білекті жігіт” номинациясы бойынша ақшалай сыйлық 150 мың сертификаттымен Әли Ризабек (Аршалы ауданы),

“Өнерлі жігіт” номинациясы бойынша ақшалай сыйлық 150 мың сертификаттымен Рахат Сабыров (Шортанды ауданы) марапатталды.

Бас жүлде “Жігіт сұлтаны-2022” атағы және 300 мың теңге ақшалай сертификатына Мұхаммед Амантаев (Қосшы қаласы) лайық деп танылды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...