Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында жергілікті тұрғын Целиноград АПБ-нан көмек сұрады. Әйел 9 жасар қызы 23 қаңтарда түстен кейін үйден белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмағанын айтты. Ювеналды және криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ кинологтар кәмелетке толмағанды іздеуге дереу кірісті.
Туыстарының айтуынша, қыз сағат 12-де сабаққа баруы керек еді, бірақ мектепке бармаған және жұмыста болған анасының қоңырауларына жауап бермеген.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары қыздың телефоны арқылы оның орналасқан жерін анықтады. Ол Астана қаласындағы сауда үйі болды, бұл туралы полицейлер өтініш берушіге дереу хабарлап, сол жерге барды.
Қыздың анасы өз кезегінде бұл туралы Астанада тұратын әпкесіне хабарлады, ол бірден сауда нүктесіне келді. Қыз бала сол жерден табылып, қазіргі уақытта туыстарымен бірге, оған қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды.