Вторник, 28 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаІздеуАқмола облысында жоғалған алты жылқы табылды

Ақмола облысында жоғалған алты жылқы табылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 желтоқсан күні Егіндікөл аудандық ПБ кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 17-23 желтоқсан аралығында Жалманқұлақ ауылдық округінің маңында еркін жайылымнан 6 жылқысының жоғалғанын айтып көмек сұрады. Мал иесі өздігінен іздеп көргенімен одан нәтиже болмаған. Шаруашылыққа келтірілген залал сомасы 2 миллион теңгеге бағаланды.

«Егіндікөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 3 іздеу тобына бөлініп, жақын маңдағы жыраларды, бос жерлерді, орман екпелерін тексерді. Іздеу іс-шараларына 12 полиция қызметкері, 3 көлік бірлігі жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жоғалған жерден 15 км қашықтықта Қоскөл көлінің жанынан жоғалған жылқыларды тапты. Қазіргі уақытта жылқылар иесіне қайтарылды, сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды», — деді ведомстводан.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...