spot_img
- Жарнама -spot_img
12.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмып, екі адам ауруханаға түсті

Ақмола облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмып, екі адам ауруханаға түсті

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағында жол апаты орын алып, 40 жастағы жүргізуші көз жұмды, тағы екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол апаты 11 мамырда «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1324 шақырымында болған. Алдын ала анықталғандай, «Тайота Камри» көлігі арақашықтықты сақтамай, алда жүріп бара жатқан «КамАЗ» жүк көлігіне соғылған. Салдарынан жеңіл көліктің 40 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды, тағы екі жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», – деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде адам өліміне әкеліп соққан жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img