spot_img
spot_img
10.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысында жолда қалған 1200 ден астам автокөлік полициямен ілесіп жүрді

Ақмола облысында жолда қалған 1200 ден астам автокөлік полициямен ілесіп жүрді

-Жарнама -spot_img

Жаңа жылдың алғашқы күндері Ақмола полицейлері үшін оңай болмады. Облыс аумағында бірнеше күн бойы қолайсыз ауа райы жағдайлары байқалды. 4 қаңтар күні сағат 12:00-ден кейін автокөліктердің көптеп жиналуына байланысты жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында 4 бағанмен ілесіп жүру жұмыстарын ұйымдастырды.

Тәртіп сақшылары 500-ге жуық жеңіл және 70-ке жуық жүк көліктерімен ілесіп жүрді. Щучинск қаласынан Астанаға жүріп бара жатқан 170-ке жуық жеңіл және Астана қаласынан Щучинск қаласына 100 жүк көлігі аман-есен жетті.

Сонымен бірге, 270-ке жуық көлік құралының колоннасын Жібек Жолы кентінен Қарағанды облысының Анар станциясына дейін полиция қызметкерлері ілесіп жүрді. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Анар станциясынан Астанаға дейін 160-қа жуық автокөлікті, оның ішінде 30 жүк көлігімен ілесіп жүрді.

Айта кетсек, іс-шараларға 93 полиция қызметкері мен 56 патрульдік автокөлік жұмылдырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img