Жұма, Сәуір 19, 2024
13.7 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарЭкономикаАқмолада 130 кәсіпорын елорда тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етеді

Ақмолада 130 кәсіпорын елорда тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етеді

Еліміздің бас қаласына тікелей жақын орналасқан Ақмола облысы тек өңір тұрғындарын ғана емес, Астана тұрғындарын да азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз етеді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 300 шақырымдық аймақ анықталды, оған облыстың 20 ауданы кірді.

«Қазіргі уақытта өңірдің 130 кәсіпорны ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен айналысады, олар өз өнімдерін елорданың Магнум, Астықжан, Смолл және Еуразия, әлем, Шапағат сияқты 44 ірі сауда нүктелеріне жеткізеді. «Ақмол» дүкендер желісі жұмыс істейді, онда өңірдің ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін сатады», – деп атап өтті облыс әкімі.

Бірнеше жыл ішінде барлығы 18,3 млрд.теңгеге 48 маңызды инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы 266 млрд. теңгеге 16 жоба жоспарланған.

Бұланды ауданында өсімдік майын өндіру, Атбасар ауданында көкөністердің жылыжай өндірісі, сүтті-тауарлы фермаларда сүт, барлық түрдегі ет, ұн және жарма өнімдері. Сондай-ақ, 5,5 мың тонна балық пен форель және бекіре тұқымдас уылдырық шығару игерілетін болады.

«Жалпы, облыста жүзеге асырылып жатқан іс – шаралар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері елорда нарығына 62 мың тонна сүт өнімдері, 14 мың тонна ет және ет өнімдері, 105 млн.дана жұмыртқа жеткізілді.

 

 

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...