Кеше ақмолалық құтқарушылар 6 рет авариялық-құтқару жұмыстарына шыққан. Бұл ретте, облыстың автожолдарынан 6 адам құтқарылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
4 ақпанда Республикалық маңызы бар автожолдың 1 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулері енгізілді. Жабық учаскелердегі блокпосттан жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің сүйемелдеуімен 150 автокөлік құралының 1 колоннасы құрылып, жіберілді.
Аршалы және Бурабай аудандарында қар құрсауында 2 көлік тұрып қалған. Өңірлердің құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, 6 адамды құтқарды.
Облыстық ТЖ Департаменті азаматтарды дауылды ескерту жарияланған кезде елді мекендерден алыс жолға шықпауға шақырады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.