Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыАқмола облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізілді

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізілді

“Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы” Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 301 қаулысының күші жойылды. Есесіне өңірдің бас санитарлық дәрігерінің № 302 қаулысы шықты.

Жаңа қаулыға сәйкес өңірде отбасылық, естелік (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге және оған баруға тыйым салынып отыр. Сонымен бірге, жерлеу кезінде 2 метр қашық сақталып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмейтіндігі айтылған.

Мерекелік, спорт, мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге, ертеңгілік, мерекелік корпоратив ұйымдастыруға 2020 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін тыйым салынды.

Сондай-ақ, ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, боулинг, компьютер клубы, түнгі клуб, аттракцион), букмекер кеңселері қызметіне тыйым салынып отыр. 
“Облысаралық, қалааралық автобус (микроавтобус) қозғалысын, туристік тасымалына рұқсат етіледі. Жеке автокөлікпен тек өңірлер арасында жүріп-тұруға рұқсат беріледі”, — деп көрсетілген құжатта.

Бұдан бөлек, белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т. б.) қызметіне рұқсат беріліп отыр. Ал, кітапхана, мұражай, гүлдер дүкені, фотосалон жұмыс істейді, алайда театр мен кинотеатр қызметі  тоқтатылмақшы. Азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлар тек жексенбі күні ғана жұмыс істемейді.

Қаулыда көрсетілгендей, жол бойындағы сервис объектілері (қоғамдық тамақтандыру және сауда) қызметіне рұқсат беріледі, олар сағат 00:00-ден 07:00-ға дейін ғана тамақты сыртқа шығару арқылы сата алады. Фитнес орталықтары, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтары сенбі және жексенбі істемейді, қалған күндері күндері алдын ала жазылу бойынша келуші қабылдайды, орын санын 50 пайыздан асырмай және  бір адамға 5 шаршы метрден кем емес орынды қамтамасыз етуі тиіс.

Қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас сәтте автобус санын ұлғайту, күллі есіктерді ашу, адамдарды отыратын орын саны бойынша отырғызу ) рұқсат беріледі.
Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беріледі. Қызметкерлердің кемінде 60 пайызы қашықтықтан жұмыс атқаруы тиіс.

Медициналық орталықтардың, стоматологиялық клиникалардың және кабинеттердің қызметіне (алдын ала жазылу бойынша),  дәріханалардың қызметіне рұқсат беріледі.

Сонымен бірге, қауылда 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейін сыныпта балалар саны 15-ке дейін қала және ауыл мектептерінде дәстүрлі форматта оқитыны жазылған.

Ата-ана өтініші бойынша сыныптарда 15 оқушыдан артық болмайтын  жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпты, халықаралық мектептерде-7-сыныпты қоса алғанда оқиды.
Қаулы 2020 жылғы 30 желтоқсан күні сағат 07:00-ден бастап күшіне енеді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...