Бүгінгі таңда Ақмола облысы үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі және ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану мәселелері өзекті болып қала береді.
Облыс бойынша жайылымдардың тапшылығы 400 мың гектардан асады, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданы 1 млн гектардан асады.
Мұндай мәселелерді шешу, оның ішінде пайдаланылмайтын жерлерді іскерлік айналымға тарту үшін облыс прокуратурасы «Жер заң аясында» жобасын іске асыруда.
Жоба аясында прокуратура және облыс әкімдігі жұмыс тобын құрды, облыс ауылдарына бірлескен сапарлар жүзеге асырылады, халықпен кездесулер өткізіледі, азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Жобаны тиісінше іске асыру мақсатында облыс әкімі мен прокуроры бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспарын бекітті.
Ауыл тұрғындарының, оның ішінде пайшылардың құқықтарын қорғау мақсатында Жер кодексіне және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасалды.
Атап айтқанда, үлескерлердің шаруашылық серіктестіктер құрамынан шығуға, дивидендтер алуға шартсыз құқықтарын, сондай – ақ пай жерлерін кепілге қою кезінде дауыс берудің жаңа тәртібін бекіту ұсынылды.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрлігіне жайылымдық жерлерді қысқартуға жол бермеу жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Бұл ретте бүгінгі таңда өңірдің құқық қорғау органдары жер заңнамасының бұзылу фактілері бойынша 6 қылмыстық істі тергеуде.
2022 жылы қадағалау шаралары бойынша мемлекетке жалпы ауданы 67 мың гектардан астам 67 жер учаскесі қайтарылды, шартты жер үлестерін иеленушілердің 175 құқықтары қорғалды.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.