spot_img
- Жарнама -spot_img
13.2 C
Kokshetau
Басты бетМедицинаАқмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары жаңа автокөліктер кілтін алды

Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары жаңа автокөліктер кілтін алды

-Жарнама -spot_img

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті республикалық бюджет қаражаты есебінен 132 бірлік автокөлік сатып алды. Автокөдліктер еліміздің барлық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне бөлінді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 9 жаңа автокөліктің кілтін Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелері де алды: Астрахань, Бұланды, Бурабай, Есіл, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, сондай-ақ Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметі.

Кілт табыстау салтанаты ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында «Көкшетау» мәдениет үйінің ауласында өтті.

Санитарлық қызмет өкілдеріне жаңа автокөліктердің кілтін Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Советқызы Мусина табыстады.

Оның айтуынша, бұндай қолдаудың арқасында департамент қызметтерінің қызметкерлері өз алғыстарын білдіріп, аймақтағы қолайлы эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін бұдан да үйлесімді жұмыс істеуге тырысады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985желдеткіштерсияқты
2,458ізбасарларыорындаңыз
61,453абоненттержазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img