Жұма, Сәуір 19, 2024
13.2 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарAMANATАқмола облысының сауықтыру кешендеріне Екібастұздан 400 бала демалуға келді

Ақмола облысының сауықтыру кешендеріне Екібастұздан 400 бала демалуға келді

Екібастұздық 400-ден астам оқушы қысқы демалысын Ақмола облысындағы Ақкөл,Бурабай және Зеренді ауданындағы спорттық сауықтыру кешендерінде өткізеді. Бүгін таңғы төрттер шамасында Павлодардан Көкшетауға келген поездан «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалының қызметкерлері оқушылар мен олардың жетекшілерін күтіп алып, Зерендідегі «Парус», «Сұңқар» демалыс орнына, Бурабайдағы «Звездный» лагеріне жеткізіп, орналастырды.

Мұндай шара «Аманат» партиясының бастамасымен Екібастұз қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасылардың балаларын сауықтыру орындарында демалуға жіберу мақсатында ұйымдастырылған. Жалпы республика бойынша 1000-нан астам мектеп оқушысына шипажайлар мен спорттық-сауықтыру кешендеріне баруына жағдай жасалады.

Демалысқа келген оқушылар 15 жасқа дейінгі балалар. Балалар 10 қаңтарға дейін жоспарға сай түрлі бағыттағы іс-шараларға қатысады, шаңғы, коньки теуіп, олар үшін орман саяхаттары жоспарланған. Жалпы, балалардың қызықты демалысын өткізу үшін барлық жағдай қарастырылған. Партияның бұл бастамасы балақайларға ерекше серпін сыйлайтыны анық.

Көтеріңкі көңіл-күйге ие болған мектеп оқушылары таулы аймақтың табиғатына тамсанып, ойын-сауыққа бірден кірісіп кетті. Сауықтыру лагеріндегі іс-шараларды үйлестіруге партияның аймақтық филиалы, облыс әкімдігі және оған қарасты білім, спорт, денсаулық сақтау басқармалары атсалысуда.

Жалпы, «Аманат» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан игілікті істе екібастұздық балалар Ақмола облысының Бурабай, Зеренді демалыс орындарымен қоса, Алматы облысы, Абай олысы мен Түркістан қаласында демалу қарастырылған.

Ақмола өңірінде ұйымдастыруға партияның Астана, Атырау, Ақмола, СҚО, Жамбыл, Маңғыстау және Қостанай филиалдары атсалысты.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...