Соңғы үш жылда шомылу кезеңінде облыс су айдындарында жазатайым оқиғалар кезінде 51 адам қаза тапты, оның 19-ы – балалар.
Ақмола облысында шомылу маусымы басталғаннан бері суда қаза болудың 2 фактісі тіркелді, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала.
«Су айдынында адамдардың қаза болуының негізгі себептері: мас күйінде шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, өз күштерін жете бағаламау және жүзе алмау болып табылады», – деді Ақмола облысы ТЖД АҚБ бастығы Жанат Асылбеков брифинг барысында.
Алдын алу шараларын өткізу барысында Департамент ПД-мен және өңірлердің ЖАО-мен бірлесіп 5 мыңнан астам рейд жүргізді, оның нәтижелері бойынша алкогольдік ішімдіктерді ішкені және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 116 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары, ТЖ департаменті Сіздерден судағы қаупсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұрайды. Естеріңізде болсын, Сіздің және жақындарыңыздың өмірі сіздің қолыңызда және де су қателіктерді кешірмейтінін ұмытпаңыз!