Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамАқмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 8 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 8 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин онлайн-брифинг барысында 2021 жылдың 11 айындағы әкімшілік тәжірибенің қорытындылары туралы айтып берді.

Спикер хабарлағандай, жыл басынан бері өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 8 әкімшілік материал жасап, олар бойынша 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды және өндіріп алынды.

Мысалы, ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыстың жергілікті атқарушы органдарының бірінің басшы лауазымды тұлғасы ведомстволық бағынысты мекеменің қызметкерінен қызметкердің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауы себебінен тәртіптік жауапкершілікке тартылмағаны үшін алкоголь өнімі және кондитерлік өнімдер түріндегі сыйлықтар алды, осылайша ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы).

Кінәлі адам 300 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 681-бабы шеңберінде бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері бойынша 4 әкімшілік іс жасалды.

Сонымен қатар, Кодекстің 676, 665-баптары бойынша лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды.

«Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді шарасы болып табылады, өйткені мұндай тәжірибе неғұрлым ауыр сыбайлас жемқорлық көріністерінің дер кезінде алдын алуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Айдос Жақиялин.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...