Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАқмола облысының Жазушылар одағы мүшелері мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен «Әдеби cafe» кеші...

Ақмола облысының Жазушылар одағы мүшелері мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен «Әдеби cafe» кеші өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Абай – ұлы даланың ұлы ойшылы» Ақмола облысы Жазушылар одағы мүшелері мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен «Әдеби cafe» кеші өтті.

Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығына айналған — Ұлы ойшылымыз Абай күні қарсаңында, Қазақстан жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ерболат Баятұлының және Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың атынан облысымыздың өнері мен мәдениетінің өркендеуіне үлес қосқаны үшін ақындарға алғыс хаттар табыс етілді.

Сондай-ақ кеш қонақтары Абайдың шығармаларынан үзінді оқып, әндерін шырқады.

Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова өз сөзінде әр жыл сайын мерекелеуге лайықты осынау күн рухани байып, мәдени құндылығымызды көтеріп, адамшылық пен ізгілікке жетелейтіні анық. Абай күніне арналған әдеби кешті жылдын-жылға дәстүрге айналдыру керектігін атап өтті.

Айта кетсек, Абай күніне орай Ақмола облысында 500-ден астам іс-шара өтті.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...