Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылғы 3 тамызда Державинск қаласының тұрғыны полицияға белгісіз біреулердің кәмелетке толмаған баласының «Forward» велосипедін ұрлап әкеткенін айтып, арызданған. Сол кезде, жасөспірім Есіл өзенінің жағасында велосипедін қалдырып, өзі суда жүзуге кеткен. Осы сәтті пайдаланып, ұры велосипед көлігін иеленіп кеткен. Кейін белгілі болғандай, ол мас күйде болған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Жарқайың АПБ қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Державинск қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Күдікті қылмысын мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктіге «шақырғанда келу туралы міндеттеме» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды», – деді ведомстводан.