Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Целиноград аудандық полиция бөліміне жақын маңдағы ауылдардың бірінің 36 жастағы тұрғынынан телефон хабарламасы келіп түсті, ол бір күн бұрын оның 16 жасар жиені үйден кетіп, оралмағанын хабарлады. Қыз, оның ағасы мен інісі осы әйел адамның қамқорлығында.
Әйел жасөспірім қыздың WhatsApp мессенджері арқылы байланысқа шығып, өзінің Астанада екенін айтқан.
Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жедел қызметкерлер кәмелетке толмағанның аудан аумағынан кетпегенін анықтады. Қыз осы уақыт бойы осы ауылда тұратын құрбысының үйінде болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта полиция жасөспірім қызды үйіне қайтарды.
Polisia.kz