spot_img
spot_img
8.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола полицейлері православие ғибадатханасынан жасалған ұрлықты тергеп жатыр

Ақмола полицейлері православие ғибадатханасынан жасалған ұрлықты тергеп жатыр

-Жарнама -spot_img

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан 24 мамырға қараған түні православие ғибадатханасының аумағынан белгісіз адамдар еркін қол жеткізу арқылы металл кіреберіс есіктер мен қоршауларды ұрлап әкеткені туралы өтініш келіп түсті. Ғибадатхана бірнеше жылдан бері жұмыс істемейтіні белгілі болды.

Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, тексеру жүргізіп, ауыл тұрғындарынан сұрақтарға жауап алды. Күдіктілердің жеке басын анықтау үшін бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары бұрын сотталмаған 37, 41, 44 жастағы үш ер адамды анықтады.

Бұл факт ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img