Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмолада Қоғамдық кеңес субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қарады

Ақмолада Қоғамдық кеңес субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қарады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында облыстық Антикордың 9 айдағы жұмыс қорытындылары талқыланды.

Сөз сөйлеу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова өңірде медициналық әлеуметтік сақтандыру қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ іске асырылып жатқан «Бизнеске жол», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» және «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» жобаларының нәтижелері туралы хабарлады.

Отырыста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау кезінде, оның ішінде «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3-тоқсанда аяқталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың нәтижелері егжей-тегжейлі талқыланды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Кенеш Әлімжанов анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, отырыста «Ақшаны бояу» қағидаты бойынша бюджет қаражатын бақылауға мүмкіндік беретін «Цифрлық теңге» жобасы таныстырылды.

Бұл жоба Ақмола облысында «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарын несиелендіру аясында бөлінген бюджет қаражатын бөлу және кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға инвестициялық субсидия беру барысында пилоттық режимде жүзеге асырылуда.

Жалпы, бұл цифрлық шешімдер агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, уәкілетті органдарға тиісті нұсқаулықтар берілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...