spot_img
- Жарнама -spot_img
12.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамБілім көкжиегіАқмолалық оқушы шетелдік 6 университеттерінің грант иегері атанып, 4 университетке шақырту алды

Ақмолалық оқушы шетелдік 6 университеттерінің грант иегері атанып, 4 университетке шақырту алды

-Жарнама -spot_img

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Хайрушев Жарас өз ұстаздары мен ата-аналарын сүйінші хабармен қуантты.

Жарас ағымдағы оқу жылы АҚШ –тың 6 университетінің ( Widener university – 148000$; Michigan state university – 72000$; Arizona state university – 52000$,Loyola university Chicago – 84000$, Adelphi university – 100000$, George Mason university – 48000$ )   грант иегері атанды.

Сондай-ақ АҚШ-тың және Канаданың  4 университетінен (Pennsylvania state university, University of Illinois Chicago, University of Toronto , University of Ottawa) арнайы   шақырту алып отыр.

Жарастың бала күнгі арманы криминалист болу еді. Криминалистика туралы түрлі фильмдер мен көркем әдебиеттер оқып, болашақ мамандығы туралы ізденуді 7-сыныптан бастаған. 2023 жылы лицейдің 11-сыныбында оқып жүріп,   «Coursera» сайтындағы Сингапур университетінің «Криминалистика және криминальная психология» курсының тыңдаушысы атанады.

Қазіргі қоғамда қылмыстың өршіп тұрғандығы және оның алдын алу жолдары қандай деген сауал Жарасты бей-жай қалдырмады. Ол  осы мәселе төңірегінде үнемі ізденіп, түрлі әдебиеттер оқып, 2022-2023 оқу жылы «How do people get on the path murder and violence» деген тақырыпта адамдардың қылмысқа бару себебі жөнінде ғылыми зерттеу жоба жұмысын жазады.

2021-2022, 2022-2023 оқу жылы Жарас ағылшын тіліндегі республикалық дебат турнирлеріне қатысып, 1-орын иегері атанды. Сондай-ақ ағылышын тіліндегі «World scholars cup» халықаралық олимпиадасына қатысып, 5 алтын, 1 куміс медаль  иеленді.

Үздіксіз дайындық пен табандылығының  нәтижесінде Жарас IELTS сынағын 7 балға, SAT емтиханын 1200 балға тапсырып, өзі арман еткен криминалист мамандығы бойынша шетелдің белді  оқу орындарында заманауи білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл, әрине, оқушы мен ата-анасы үшін үлкен қуаныш және оқушыларын білім шыңдарын бағындыруға талаптандырып отырған «Білім-инновация»лицей-интернатының  табысты жеңісі деп білеміз.

Алтын ұя лицейінен қанат қаққалы түрған жас  түлегімізге білімнің биік шыңдарын бағындырып, туған еліне аман-есен оралып, Қазақ елі мен халқына адал қызмет ететін білікті маман иесі  болуына тілектестік білдіреміз.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img