Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, қыркүйектің 10-нан бастап елімізде онлайн режімде полиция қызметкерлерінің отбасылары арасында республикалық «Эрудит – Отбасы» байқауы ұйымдастырылған.
Викторина түрінде өткен байқауда ақмолалық полиция капитаны Тұрлыбек Ысқақовтың отбасы үздік атанды. Тұрлыбек пен Аққудың қосылғанына 14 жылдан асыпты. Осы күні бұл отбасы үш бала өсіріп, тәрбиелеп отыр.