Ағымдағы жылдың 25 ақпанында шамамен сағат 23:00-де Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының полиция полковнигі Серік Баймұқановтың Нұрия есімді 6 жасар қызы түнде ұйықтар алдында терезеден Көкшетау қаласының Юбилейный шағын ауданындағы тұрғын үй ауласында тұрған көліктің астынан ұшқындарды көріп қалды.
Бұл туралы қыз бірден әкесіне хабарлады, ол мұндай жағдайларда не істеу керектігін жақсы біледі. Серік Керімбайұлы анасы мен әйеліне өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалу сұрап, өзі еш ойланбастан сыртқа шығады.
Өрт шыққан осы көліктің жанында басқа көлік құралдары тұрды. Ол іске қосылған дабыл дыбыстарымен автомобиль иелерінің назарын аудару үшін оларды соға бастады. Содан соң көлік иелерінен көліктерді өрт ошағынан алыстатуды өтінді. Келген жастармен бірге Серік Керімбайұлы өрт ошағын оқшаулауға кірісті. Осылайша, өрт сөндірушілер келгенше қырағы қызының арқасында полиция полковнигі апаттың алдын алды.
Әрдайым сақ болу – полиция қызметкерлері үшін үйреншікті іс екендігін айта кету керек. Зейінділік және көмекке дайын болу — қазіргі заманғы полицейге қойылатын талаптардың бірі. Серік Керімбайұлы бұл қасиеттерге әлі мектепке дейінгі мекемеге баратын қызын да баулығаны қуантады.