Қыс жақындаған сайын күн ұзақтығы қысқарып келеді. Сол себепті автокөлік иелері көлік шамдарын пайдалануын да көбейтуде. Ал егер олар ксенондық болса, онда қарама-қарсы келе жатқан жүргізушілердің көзін шағылыстырады, нәтижесінде апаттық жағдай туындайды. Өйткені газ-разрядты шамдар кәдімгі галогенді шамдардан үш есе жарық, яғни қарама-қарсы келе жатқан көліктің жүргізушісінің көзін де үш есе шағылыстырады.
Жыл басынан бері Ақмола облысының тәртіп сақшылары заңсыз қайта жабдықтағаны үшін 150 жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартқанын атап өту керек. Ксенондық шамдарды өз бетінше орнатқан жүргізушілер ҚР ӘҚбК 590-бабы 7-бөлігі бойынша (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) түрінде айыппұл салынуы мүмкін, бүгінгі күні бұл 41670 теңгені құрайды.
Айта кетсек, көлікке ксенон шамдары зауытта орнатылған автокөлік иелеріне алаңдамауына болады: бұл тек өз бетінше құрылымында қарастырылмаған тюнинг өткізген көлік иелеріне қатысты.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері заң бұзушының нөмірін шешуіне және ксенондық шамдарды кәдімгідей шамға ауыстыруын талап етуге құқығы бар.
Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.